Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Астанада өтіп жатқан WorldSkills Kazakhstan–2025 чемпионатына СҚО-дан 26 студент қатысуда

Астанада өтіп жатқан WorldSkills Kazakhstan–2025 чемпионатына СҚО-дан 26 студент қатысуда

December 5, 2025 11:16

Астанада WorldSkills Kazakhstan–2025 X Республикалық чемпионаты басталды. Бұл – кәсіби шеберлік бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген 800-ден астам қатысушыны 45 құзырет бойынша біріктірген ең ірі жарыс, деп хабарлайды QZ NEWS.

WorldSkills Kazakhstan 2025 X Республикалық чемпионаты 3–9 желтоқсан аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығы аумағында өтуде. Қатысушылар IT, сервис, құрылыс, көлік және басқа да сұранысы жоғары бағыттар бойынша өзара бақ сынасты.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, өңір намысын 23 құзырет бойынша 26 талантты студент қорғайды.

Өңір делегациясының құрамына СҚО-ның алты жетекші колледжінің білім алушылары кірді: М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж, Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі, Қызмет көрсету саласы колледжі, Жоғары кәсіби-педагогикалық колледж, СҚО кәсіби дайындық және сервис колледжі және Петропавл машина жасау және көлік колледжі.

Чемпионат жеңімпаздары 2026 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік кәсіби шеберлік чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Shares