Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Аяз ата бол» акциясы: СҚО полициясы басшылығы балалардың жаңа жылдық армандарын орындады

«Аяз ата бол» акциясы: СҚО полициясы басшылығы балалардың жаңа жылдық армандарын орындады

December 30, 2025 11:05

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов пен оның орынбасары Марат Жұмалиев сиқыршы кейіпіне еніп, балаларды қуантты. «Аяз ата бол» қайырымдылық акциясы аясында тәртіп сақшылары өңірдің жас тұрғындарының арман-тілектерін жүзеге асырды. Бұл туралы QZ News тілшісі хабарлайды.

«Аяз атаның поштасына» келіп түскен жүздеген хаттың ішінен полицейлерге 9 жастағы Ерасыл мен 11 жастағы Дананың өтініштері жолыққан. Балалардың тілектері шынайы әрі нақты болды: болашақта кәсіби футболшы болуды армандайтын Ерасыл қақпашы қолғаптары мен «сороконожка» аяқкиімін сұраса, ал Дана алты жасынан бері жеке гироскутерді армандап келген.

Кездесу Полиция департаментінің ғимаратында өтті. Аяз ата мен Ақшақар бұл жолы шанамен емес, патрульдік көлікпен келді. Құттықтау әуендерімен бірге балалар облыстың бас полицейлерінің қолынан көптен күткен сыйлықтарын алды.

Балалар үшін ең үлкен тосынсый — полиция автокөлігімен серуендеу болды. Ерасыл патрульдік көліктің дауыс зорайтқыш құрылғысын пайдаланып, бүкіл қалаға петропавлдықтарды келе жатқан мерекемен құттықтады.

Shares