Большая Малышка ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды

Солтүстік Қазақстан облысының Большая Малышка ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ерікті өрт сөндірудің жаңа пункті салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Аталған нысан өңірдегі шалғай ауылдық елді мекендерде өрт қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.

Ашылу салтанатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев бағдарламаның маңыздылығына тоқталды.
«“Ауыл құтқарушылары” бағдарламасының арқасында біз ең шалғай елді мекендер тұрғындарын қорғау үшін нақты жағдай жасап отырмыз. Мұндай ерікті құрылымдар – бұл тек техника мен жарақ қана емес, сонымен қатар өз азаматтарына көмек көрсетуге дайын адамдар», – деді Ерлан Төрегелдиев.

Сондай-ақ ол ТЖМ өңірлердегі өрттен қорғау желісін нығайтуды және жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимылды күшейтуді жалғастыратынын атап өтті. Ерікті өрт сөндіру пунктінің ашылуы Қызылжар ауданында төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
