Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Цзянсу провинциясының Нанкин қаласында СҚО Инвесторларды қолдау орталығының филиалы ашылды

Цзянсу провинциясының Нанкин қаласында СҚО Инвесторларды қолдау орталығының филиалы ашылды

November 28, 2025 09:52

Ғауез Нұрмұхамбетов жетекшілік еткен СҚО делегациясының ҚХР-ға ресми сапары аясында Цзянсу провинциясының Нанкин қаласында СҚО Инвесторларды қолдау орталығы мен Қытайдың ірі мемлекеттік холдингтік компаниясы Jiangsu SOHO Holdings Group арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды QZ NEWS. Стратегиялық құжат бірлескен жобаларды дамыту мен инвестициялық байланыстарды кеңейтуді көздейді.

Сонымен қатар Нанкин қаласында СҚО Инвесторларды қолдау орталығының филиалы ашылды. Бұл шешім солтүстікқазақстандық өнімнің Қытай нарығына шығуына мүмкіндік беріп, өңір экспортерлері үшін жаңа бағыттарды ашпақ.

Делегация провинция бизнес өкілдерімен де кездесіп, экспорт-импорт әлеуетін және қытайлық серіктестердің СҚО жобаларына қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Сапардың маңызды кезеңдерінің бірі — Янчжоу қаласында FAMSUN Group Co., Ltd. президенті Ричард Фан, Myande Group Co., Ltd. президенті Сю Бин және SUMEC International Technology басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ху Хайцинмен өткен келіссөздер болды.

Тараптар СҚО-ның Арнайы экономикалық аймағы аумағында өндірістерді локализациялау перспективаларын талқылады. Әңгіме құрамажем зауыттарына, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу кәсіпорындары мен майлы дақылдарды өңдеу бағыттарына арналған технологиялар мен жабдықтарды АЭА аумағына көшіру мүмкіндігі туралы болды.

Shares