Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Есіл ауданында прокуратура студенттерді есірткі үшін қылмыстық жауапкершілік бар екендігін ескертті

Есіл ауданында прокуратура студенттерді есірткі үшін қылмыстық жауапкершілік бар екендігін ескертті

December 11, 2025 17:49

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы прокуратурасы Петров ауыл шаруашылығы колледжінде «Есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылып, жастар арасында есірткі қатерінің алдын алуға бағытталды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Дөңгелек үстелге колледж студенттері, Есіл ауданы прокуратурасының прокуроры Кенжебек Қожахметов, Солтүстік Қазақстан адвокаттар алқасының адвокаты Наталья Балюк және Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

Прокурор Кенжебек Қожахметов есірткіге тәуелділік – жастарға тікелей әсер ететін ең өзекті әрі қауіпті әлеуметтік проблемалардың бірі екенін атап өтті.

«Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түрлі есірткі құқықбұзушылықтары үшін 138 адамды ұстады. Олардың шамамен 80%-ы – 25 жасқа дейінгі жастар», – деді Кенжебек Қожахметов.

Адвокат Наталья Балюк студенттерге есірткі қылмыстары үшін қандай жаза тағайындалатынын жан-жақты түсіндірді. Әсіресе «закладка» деп аталатын әрекеттер үшін де жастардың нақты бас бостандығынан айыру жазасына кесілетіні ерекше айтылды.

Іс-шара барысында есірткі қылмыстарымен күреске қатысты өзекті мәселелер мен алдын алу шаралары талқыланды. Қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алып, Жастар ресурстық орталығы профилактикалық бейнеролик көрсетті.

Shares