Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Gulfood 2026 көрмесіндегі СҚО брендтері: өңір өнімдері Дубайдағы ең ірі көрмеде таныстырылды

Gulfood 2026 көрмесіндегі СҚО брендтері: өңір өнімдері Дубайдағы ең ірі көрмеде таныстырылды

January 29, 2026 09:23

Солтүстік Қазақстан облысы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан Gulfood 2026 халықаралық азық-түлік пен сусындар көрмесінде өзінің экспорттық әлеуетін таныстыруда. Экспозиция заманауи көрме аймағын және тікелей іскерлік келіссөздер өткізуге арналған жеке алаңды қамтиды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Павильонның ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі. Іс-шара Корпоративтік «QazExportPromotion» қоры мен «ЦРТП QazTrade» АҚ қолдауымен жүзеге асырылды.

Халықаралық аренада Солтүстік Қазақстан облысының жетекші өндірістік кәсіпорындары өңір намысын қорғауда. «BioOperations» ЖШС терең өңдеу өнімдерінің желісін ұсынуда, оған крахмал, биоэтанол, құрама жем ұны, глютен, құрғақ барда және кебек кіреді. Ал «Тайынша-Май» ЖШС экспортқа бағытталған ұн, рапс майы және шрот өнімдерін таныстырды.

Сондай-ақ өңірдегі ірі сауда желілерімен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Олардың қатарында Carrefour, Lulu және Spinneys бар. Carrefour — әлемдік бөлшек сауда көшбасшыларының бірі, Lulu Таяу Шығыстағы гипермаркеттер сегментінде жетекші орынға ие, ал Spinneys желісі премиум сегментке бағытталып, тұтынушылар арасында жоғары сенімге ие.

Осындай ауқымды халықаралық көрмеге қатысу Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарына Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына тікелей шығуға мүмкіндік береді.

Shares