Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » М. Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде “Даналық мектебі” ашылды

М. Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде “Даналық мектебі” ашылды

Жағымды жаңалық! М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттауға көп көңіл бөлуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Оқу орнының базасында “Даналық мектебі” жұмыс істей бастады. Ол ұлттық стильде безендірілген жеке кабинетте орналасқан.

“Қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу бағытында сабақтар өткізілетін болады. Жас ұрпақ тарихты білуі керек, өйткені тарих кез келген ұлттың, кез келген халықтың негізі болып табылады”, – деді Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінің ұстазы Сәуле Даниярова.

Shares