Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің мемлекеттік қызметшілерін кәсіби мерекемен құттықтады

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің мемлекеттік қызметшілерін кәсіби мерекемен құттықтады

June 23, 2026 08:58

23 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік қызметші күні атап өтіледі. Осы кәсіби мерекеге орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің мемлекеттік қызметшілерін құттықтады, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Өңір басшысы өз құттықтауында мемлекеттік қызметшілердің еңбегі мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуінің және қоғамның негізгі мүдделерін жедел жүзеге асырудың берік негізі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтің маңыздылығын әрдайым ерекше атап өтеді. Оның басты қағидаттары – кәсібилік, ашықтық және халыққа адал қызмет ету. Бүгінде мемлекеттік қызметшілер елдегі ауқымды реформалардың негізгі тірегіне айналып отыр. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз экономиканың дамуына, басқару жүйесінің жетілдірілуіне және маңызды мемлекеттік бастамалардың тиімді жүзеге асуына тікелей ықпал етеді. Солтүстік Қазақстан облысы өз ісіне шынайы берілген азаматтардың бірлескен еңбегінің арқасында сенімді түрде алға жылжып келеді», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыс әкімі әріптестеріне зор денсаулық, отбасына амандық, кәсіби тұрғыдан үздіксіз өсу мен қоғам және мемлекет игілігі жолындағы қызметтеріне жаңа табыстар тіледі. Сондай-ақ олардың жауапты еңбегі әрдайым лайықты бағаланып, құрметке бөлене беруіне тілектестік білдірді.

Shares