Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Облыстың су жабдықтау жүйесін дамытуға рекордтық 74 млрд теңге бағытталды», – СҚО әкімі

«Облыстың су жабдықтау жүйесін дамытуға рекордтық 74 млрд теңге бағытталды», – СҚО әкімі

December 4, 2025 17:57

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында энергетика, ТҮКШ және құрылыс салаларындағы өңірдің негізгі көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Басты жетістік – су жабдықтау саласына бөлінген қаржы көлемі.

«Биыл облыстың су жабдықтау жүйесін дамытуға рекордтық 74 млрд теңге бағытталды. Бұл өткен үш жылдың көрсеткішінен екі еседен астам көп. Айта кетейін, оның 45 млрд теңгесі – қайтарылған активтер есебінен», – деді әкім.

Президенттің ТҮКШ-ны жаңғырту және жылыту маусымына дайындық жөніндегі тапсырмалары аясында өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды: Петропавл 2- жылу электр орталығы №1 түтін мұржасының құрылысы аяқталды, 1,5 мың км электр желілері, 13 км жылу және 5 км су құбыры желілері жөнделді. Сондай-ақ ұзындығы 4,5 км болатын жылу желісін 730 млн теңгеге жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын.

Тұрғын үй құрылысына келсек, биылғы жоспар бойынша 194 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Аймақта 15 үйдің құрылысы аяқталып, 1007 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Әкім облыста цифрлық инфрақұрылымның да белсенді дамып жатқанын атап өтті.

Shares