Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Семейге Мемлекеттік рәміздер алаңын сыйға тартады

СҚО Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Семейге Мемлекеттік рәміздер алаңын сыйға тартады

February 26, 2026 17:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Абайға құрмет» жалпыұлттық акциясы аясында еліміздің өңірлері ынтымақ пен құрметтің белгісі ретінде Абай облысына әлеуметтік маңызы бар нысандарды тарту етуде, деп хабарлайды QZ NEWS.

Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында болашақ Мемлекеттік рәміздер алаңының іргетасын қалау салтанатты рәсімі өтті. Бұл бірегей нысан солтүстікқазақстандықтардың ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлының алдағы 180 жылдық мерейтойына орай жасаған тартуы болмақ. Іс-шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли мен СҚО әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов қатысты.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Нұрлан Кеңесов бастаманың терең рухани маңызына тоқталды.

«Бүгін Ертіс жағасындағы Семейде біз тарихи маңызы зор оқиғаның куәсі болып отырмыз. Мемлекеттік рәміздер алаңы мен стеланың құрылысына капсула салу – жай ғана құрылыс жұмыстарының басталуы емес, бұл – Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі. Бұл – өңірлер арасындағы бауырластық құрмет пен берік байланыстың белгісі», – деді ол.

Жобаға сәйкес, диаметрі 28 метр болатын дөңгелек пішінді алаң және жалпы биіктігі 35 метрлік стела салынады. Стела кеңістіктің сәулеттік құрылымына айналып, мемлекеттіліктің символын білдіреді. Жобаның жүзеге асуы өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға және ұлы Абайдың рухани мұрасын дәріптеуге қосылған тағы бір үлес болмақ.

Shares