СҚО-да «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автожолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде
April 21, 2026 17:00

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автомобиль жолының 50-85 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөнделіп жатқан учаскенің жалпы ұзындығы 35 шақырымды құрайды, деп хабарлайды QZ NEWS.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба аясында 25 370 м² аумақта қолданыстағы асфальтбетон жабынын фрезерлеу, 1 460 м² аумақта жолдағы жарықтарды жою, сондай-ақ 3 354 м² аумақта суық ресайклинг әдісімен жол негізін төсеу жұмыстары атқарылған.
Жұмыстарды орындау үшін нысанға 13 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта автомобиль жолының жабынын қалпына келтіру және негізін нығайту жұмыстары жалғасуда.
