Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да көші-қон заңнамасын бұзудың 3 мыңнан астам дерегі анықталды

СҚО-да көші-қон заңнамасын бұзудың 3 мыңнан астам дерегі анықталды

March 18, 2026 14:48

Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара аясында полиция қызметкерлері өңір аумағында шетел азаматтарының болуын және олардың белгіленген талаптарды сақтауын қатаң бақылауға алды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Полицейлер базарларды, теміржол вокзалдарын, құрылыс нысандарын, фермерлік шаруашылықтарды, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарын қоса алғанда, шағын бизнес объектілерін тексеруде. Негізгі назар шетел азаматтарының елде заңды түрде болуы, еңбек қызметіне рұқсат құжаттарының болуы және олардың келуі туралы уәкілетті органдарды хабардар ету тәртібінің сақталуына аударылуда.

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде көші-қон заңнамасын бұзудың 3334 дерегі анықталған. Сонымен қатар, әкімшілік заңнаманы бірнеше рет бұзғаны үшін 10 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 10 775 шетел азаматы тұрады. Оның ішінде 6 347 адам өңірде тұрақты негізде өмір сүрсе, тағы 4 428 ТМД елдерінің азаматында уақытша тұруға рұқсат бар.

17 наурызда басталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Shares