СҚО-да мектеп оқушыларына арналған «Құтқарушының бір күні» атты ауқымды профилактикалық акция өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өңір прокуратурасының үйлестіруімен балаларға арналған «Құтқарушының бір күні» атты ауқымды профилактикалық акция өтті, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
Мектеп оқушылары үшін полиция бөлімшелері мен өрт сөндіру қызметтеріне танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. Балаларға заманауи өрт сөндіру техникасы мен жедел қызмет көліктерінің арнайы жабдықтары көрсетілді. Мамандар балаларға қауіпсіздік ережелерін, төтенше жағдайлар мен өрт кезінде әрекет ету алгоритмін жан-жақты түсіндірді.
«Жалпы профилактикалық жоба 350-ден астам кәмелетке толмағанды қамтыды. Кездесулер мен интерактивті сабақтар облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өтті», — деп хабарлады СҚО прокуратурасы.
