СҚО «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының екі номинациясын иеленді

Астанада Ұлттық «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының мерейтойлық, 15-ші марапаттау рәсімі өтті. Бұл марапат елдегі ең беделді сыйлықтардың бірі саналады, өйткені жеңімпаздарды комиссиялар емес, қазақстандықтардың өздері ашық дауыс беру арқылы анықтайды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Биыл Солтүстік Қазақстан облысы қос жеңісті атап өтуде – өңір екі бірдей маңызды мүсіншені иеленді.
Жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы бойынша өз номинацияларында үздік деп танылғандар:
«Жыл спортшысы» – бокстан әлем чемпионы Наталья Богданова.
«Үздік мәдени жоба» – Ботай мәдениетіне арналған ескерткіш.
Салтанатты рәсімге қатысқан СҚО әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев әлеуметтік желідегі парақшаларында «Халықтың сүйіктісі» сыйлығы – адамдардың шынайы мойындауынан туындайтын жарқын белес екенін атап өтті.
«Ботай мәдениетіне арналған ескерткіш үшін “Үздік мәдени жоба” номинациясындағы жеңіс – тарихи жадтың салтанаты. Осылайша дала өркениетіміздің бастаулары мәңгілікке ұлықталып, көне мұра заңды мақтаныш нысанына айналды. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің атынан Қорға құттықтау хатын және мүсін авторлары – Асхат Нартовқа, Мұрат Сыдықовқа және Жалын Бауыржанға Құрмет грамоталарын табыстадым», – деп жазды Руслан Әлішев.
15 жыл ішінде «Халықтың сүйіктісі» сыйлығы өз еңбегімен бүкіл елге шабыт сыйлайтын мұғалімдерге, дәрігерлерге, ғалымдарға және қоғам қайраткерлеріне деген халықтың шынайы сенімінің символына айналды.
