Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО МӘМС жүйесі аясында науқастарға қымбат оталар тегін жасалуда

СҚО МӘМС жүйесі аясында науқастарға қымбат оталар тегін жасалуда

March 18, 2026 13:24

Петропавлда облыстық кардиологиялық орталықта баспасөз туры өтті. Солтүстік Қазақстан облысының журналистеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі қымбат тұратын операцияларды әрбір сақтандырылған азамат үшін қолжетімді екені көрсетілді, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

БАҚ өкілдеріне мәлім болғандай, 2025 жылдың өзінде МӘМС қорының өңірлік филиалы 52 медициналық ұйыммен келісімшарт жасаған.

Медициналық қызметтердің негізгі жеткізушісі – көпбейінді облыстық аурухана. Өткен жылы осы мекеме базасында шамамен 4 000 кардиохирургиялық операция жасалған.

«Көпбөйінді облыстық аурухана – өңірдегі жетекші медициналық ұйымдардың бірі. 2025 жылы онымен 19,5 млрд теңгеге келісімшарт жасалды. Оның ішінде МӘМС аясында – 8,4 млрд теңге, ТМККК пакеті бойынша – 11,1 млрд теңге», – деді МӘМС қоры өңірлік филиалының директоры Айнагүл Дәулетчина.

Өткен жылы облыстық кардиоорталықта шамамен 13 000 операция жүргізіліп, 6 000-нан астам адам ем қабылдаған. Жедел әрі сапалы медициналық көмек алған пациенттердің бірі – Раиса Гребенюк. Оған бес күн бұрын коронарография процедурасы жасалған.

«Өмірімде алғаш рет кардиоорталыққа түстім. Медициналық қызметтерді пайдалану мүмкіндігін берген МӘМС қорына алғысым шексіз. Маған коронарография сәтті жасалды. Сондай-ақ аурухана ұжымына да рахмет айтқым келеді. Бұл жерге дені сау адамдар келмейді, бірақ орталықтан толық сауығып шығамыз. Қазір өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін», – деді ол.

2026 жылы қор 44 денсаулық сақтау ұйымымен жұмыс істеуде. Бұл мақсатқа 79 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Shares