СҚО-ның белгілі аграрийі Қайырғали Қожасов жерлестерін референдумда жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа Конституция жобасын талқылау жалғасуда. Бұл туралы туған жеріне бар өмірін арнаған азамат – «Бай-Еңбек» ЖШС директоры Қайырғали Қожасов өз пікірін білдірді, деп хабарлайды QZ NEWS.
Қайырғали Қажғалиұлының 1974 жылы «Образцовый» кеңшарында қарапайым механизатор болып еңбек жолын бастап, тәуелсіз Қазақстандағы аграрлық саланың қалыптасу кезеңдерінің бәрінен өтті. 1991 жылы алғашқы шаруа қожалықтарының бірін басқарса, 1997 жылдан бері «Бай-Еңбек» ЖШС-ін табысты басқарып келеді.
Көпжылдық тәжірибесіне сүйенген Қайырғали Қожасов ұсынылып отырған реформалар ауылдық аумақтарды дамытуға және еңбек адамдарын қорғауға берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.
«Біз үлкен жолдан өттік, бүгін елге сапалы өзгерістер қажет екенін көріп отырмыз. Жаңа Конституция – халық үшін жасалған құжат, онда ең алдымен қарапайым адамның мүддесі ескерілген.
Облысымыздың барлық тұрғындарын белсенділік танытып, 15 наурызда өтетін референдумға келуге шақырамын», – деді Қайырғали Қожасов.
Жетекшінің пікірінше, өңірдің тұрақтылығы мен өркендеуі қоғамның бірлігіне байланысты. Жаңа Конституцияны қолдау – мемлекетіміздің нығаюына жасалатын маңызды қадам болмақ. Мұнда адал еңбек пен кәсібилік ең жоғары құндылық ретінде бағаланады.
