Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО тұрғындары тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырғаны үшін ақшалай сыйақы алуда

СҚО тұрғындары тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырғаны үшін ақшалай сыйақы алуда

April 28, 2026 09:43

20 сәуірден бастап Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде ақылы негізде тапсыру акциясы өтіп жатыр. Тіркелмеген қару-жарақты тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен толық босатылады, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Петропавл қаласында ақшалай сыйақы алу мүмкіндігін үш адам пайдаланып, «Stoeger», «ИЖ» және «ТОЗ» маркалы мылтықтарды тапсырған. Барлық қару үлгілері пайдалануға жарамды деп танылған. Әрбір қару бірлігі үшін төленетін өтемақы көлемі оның санаты мен техникалық жағдайына байланысты 90 829 теңгеден 129 750 теңгеге дейін өзгереді.

Полиция қызметкерлері бұл шараның басты мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңсыз қару айналымымен байланысты ауыр зардаптардың алдын алу екенін атап өтті.

Shares