2025 жылы «Петропавл жылу желілері» ЖШС 6 шақырымнан астам жылумен жабдықтау желісін жаңартты

Өткен 2025 жыл Петропавл қаласының жылу энергетиктері үшін инфрақұрылымды белсенді жаңарту кезеңі болды. «Петропавл жылу желілері» ЖШС мамандары жылумен жабдықтау желілерінің 6 шақырымнан астам бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды QZ NEWS.
«Севказэнерго» АҚ-ның мәліметінше, сонымен қатар 38 жылу камерасына жөндеу жүргізіліп, 188 дана жапқыш арматура ауыстырылды, магистральдық сорғы станцияларындағы сорғы және электр жабдықтарына жөндеу жасалды. Бұл жұмыстар сынақтар жүргізуді, асфальт жамылғысын қалпына келтіруді, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуді, сондай-ақ сальникті компенсаторларды жөндеуді қамтыды.
«2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында магистральдық желілерді қайта жаңғырту жұмыстары атқарылып, үш жылу магистралін қайта жаңартуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Біз сорғы станциялары мен жылу пункттерін жаңғыртуға қажетті жабдықтарды, сондай-ақ ақауларды анықтау және өлшеу дәлдігін бақылауға арналған заманауи диагностикалық құралдарды сатып алудамыз», – деді «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас директоры Виталий Холоша.
Инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін сорғы және жылуалмастырғыш жабдықтар, ақау іздегіш құрылғы, манометрлер мен қысым түрлендіргіштерге арналған жабдық сатып алынды.
«Атқарылған жұмыстар – бұл Петропавл қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға қосылған үлес. Ол жүйенің сенімділігін арттырып, жылу шығындарын азайтуға және тұтынушылар үшін жайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Виталий Холоша.
