Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 22 хаттама және 5 АЕК айыппұл: Петропавлда «Страна товаров» сауда орталығы маңындағы бейберекет саудаға қарсы күрес жүргізілуде

22 хаттама және 5 АЕК айыппұл: Петропавлда «Страна товаров» сауда орталығы маңындағы бейберекет саудаға қарсы күрес жүргізілуде

November 30, 2025 13:00

Соңғы апталарда Астана көшесі, 27 мекенжайындағы «Страна товаров» сауда орталығы маңында арнайы белгіленбеген жерлерде бейберекет сауда жасау деректері жиілеп отыр. Қала билігі кәсіпкерлер мен сатушыларға жер заңнамасын сақтау қажеттігін еске салды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Қала әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Тимур Жұмановтың айтуынша, көрсетілген мекенжайдағы жер телімінің қатаң белгіленген нысаналы мақсаты бар.

«Жер телімі Петр Давидович Вагнердің жеке меншігінде және тек «Страна товаров» сауда орталығы қызмет көрсетуге арналған. ҚР Жер кодексінің 65-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, жер иелері мен жер пайдаланушылар жерді оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға міндетті», – деді Тимур Жұманов.

Арнайы белгіленбеген жерде сауда жасау – әкімшілік құқықбұзушылық. ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабына сәйкес, бұл ескерту беруге немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі.

Полиция қызметкерлері тиісті шараларды қабылдап жатыр: аталған аумақта бейберекет саудамен айналысқан құқықбұзушыларға қатысты 22 ескерту хаттамасы толтырылды. Билік өкілдері тұрғындарды сауда жүргізу үшін тек арнайы белгіленген және рұқсат етілген орындарды пайдалануға шақырады.

Shares