3 алтын және Қытайға жолдама: СҚО студенттері WorldSkills Kazakhstan – 2025 чемпионатында 9 жүлделі орын иеленді

3–9 желтоқсан аралығында Қазақстан астанасында техникалық және кәсіптік білім беру саласының ең үздік студенттерін жинаған X Республикалық WorldSkills Kazakhstan – 2025 чемпионаты өтті. Солтүстік Қазақстан облысының студенттері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 3 алтын медаль және жалпы саны 9 жүлделі орын жеңіп алды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Байқауға СҚО-дан 6 колледждің 26 студенті қатысып, 21 негізгі жұмысшы және цифрлық құзыреттілік бойынша бақ сынады.

Өңір студенттері мынадай әсерлі нәтижелерге қол жеткізді:
1 орын:
Егор Красильников (М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж) — «Графикалық дизайн»
Данил Бахвалов (Б. Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжі) — «Бақылау-өлшеу құралдарымен басқарылатын токарьлық жұмыстар (ЧПУ)»
Василий Шабанов (Б. Ашимов атындағы машина жасау және көлік колледжі) — «Фрезерлік іс»

2 орын:
Антон Лузин (Кәсіби даярлау және сервис колледжі) — «Дәнекерлеу ісі»
Егор Корюшенков және Степан Чернышенко (Б.Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжі) — «Локомотивті басқару»
5 студенттен тұратын команда (Жоғары СҚ кәсіби-педагогикалық колледжі) — «Құтқару жұмыстары»

3 орын:
Данил Дрягин (М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж) — «Желілік әкімшілендіру»
Алина Судьина (М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж) — «Мектепке дейінгі тәрбие»
Ұлттық чемпионаттың жеңімпаздары тек марапат қана емес, 2026 жылы Қытайда өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатында Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне де ие болды.
