Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Абай атындағы мектептегі оқиға: СҚО әкімі барлық мектеп асханаларын және директорлардың жұмысын тексеруді тапсырды

Абай атындағы мектептегі оқиға: СҚО әкімі барлық мектеп асханаларын және директорлардың жұмысын тексеруді тапсырды

November 29, 2025 14:25

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында болған оқиғаға байланысты жедел әрі кешенді шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдай Ғауез Нұрмұхамбетовтің жеке бақылауына алынды.

«СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне өңірдегі барлық білім беру мекемелеріндегі мектеп асханаларына кешенді тексеруді қысқа мерзімде бастау тапсырылды. СҚО әкімдігіне қарасты білім басқармасына мектеп директорының құзыреттілігін тексеріп, білім мекемесін басқару сапасына баға беру, сондай-ақ облыстағы барлық мектептердегі тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты барлық келісімшарттарды тексеру міндеті жүктелді», – делінген әкімдік хабарламасында.

Shares