Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Әлібек Құжахметов СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Әлібек Құжахметов СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды

April 29, 2026 10:18

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция полковнигі Әлібек Асылбекұлы Қожахметов тағайындалды, деп хабарлайды QZ NEWS prokadry.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлібек Қожахметов 1975 жылғы 7 мамырда Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2022 жылдың мамыр айынан бастап Астана қаласы Полиция департаментінің «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған.
2026 жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласы Полиция департаментінің «Алматы» аудандық полиция басқармасының бастығы болған. 2026 жылғы 28 сәуірден бастап Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Shares