Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Бала қаза тауып, үйі мен дүние-мүлкі өртеніп кетті: СҚО-дан шыққан отбасыға көмек жинау жарияланды

Бала қаза тауып, үйі мен дүние-мүлкі өртеніп кетті: СҚО-дан шыққан отбасыға көмек жинау жарияланды

May 14, 2026 14:28

Қызылжар ауданының Петерфельд ауылында тұрған отбасының басына қайғылы жағдай түсті. 13 мамыр күні Астанада болған өрт салдарынан олардың тұрғын үйі мен автокөлігі жанып кетті. Сол сәтте көліктің ішінде болған ортаншы ұл көз жұмды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Бірнеше жыл бұрын ерлі-зайыптылар ата-аналарымен және үш баласымен бірге Астанаға қоныс аударған. Мұндай шешім екі баласының денсаулық жағдайына байланысты қабылданған. Олар ақыл-ой кемістігімен қатар жүретін аутизм диагнозына байланысты тұрақты оңалтудан өту үшін елордаға көшкен.

13 мамыр күні санаулы минуттың ішінде отбасы жақын адамынан ғана емес, жалғыз баспанасынан да айырылды.

Баланың жаназасы туған жері — Петерфельд ауылында өтеді. Қазір зардап шеккен отбасыға қолдау көрсету үшін туған-туыстары мен таныстары қаражат жинауды ұйымдастырып жатыр.

Отбасына қаржылай көмек аса қажет. Осындай ауыр сәтте кез келген көмек маңызды болмақ.

Көмек көрсетуге арналған деректемелер:

Halyk Bank шоты: 4003 0351 6500 8488
Kaspi Bank шоты: 4400 4303 5029 5967
Аударым жасауға арналған телефон нөмірі: +7 775 457 6441 (Жаслан Н.)

Kaspi картасы: 4400 4303 0539 9393
Halyk картасы: 5354 5102 4291 0155
Аударым жасауға арналған телефон нөмірі: 87759205257 (Айгүл Н.)

Shares