Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Елеулі шағымдар жоқ», – СҚО әкімі Бірлік шағынауданындағы су басудан зардап шеккендерге арналған жаңа үйлердің сапасы туралы айтты

«Елеулі шағымдар жоқ», – СҚО әкімі Бірлік шағынауданындағы су басудан зардап шеккендерге арналған жаңа үйлердің сапасы туралы айтты

December 6, 2025 11:06

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада өткен брифингте Петропавл қаласының Бірлік шағынауданында су басудан зардап шеккен тұрғындарға салынып берілген жаңа үйлердің сапасына қатысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Өңір басшысы тұрғын үйлердің сапасында айтарлықтай мәселелер жоқ екенін айтты.

“Ашық айтайын, елеулі шағымдар жоқ», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, салынған барлық үйлер кепілдік қызмет көрсетуінде. Тұрғындарда қандай да бір сұрақ немесе ескерту туындаса, олар жедел түрде қарастырылады.

«Қандай да бір мәселе туындаса, қала әкімі дереу әрекет етеді – комиссия барады, оқиға орнына шығады, мердігерлерді шақырады, бәрін уақытылы түзетуге тырысамыз. Жалпы, барлық мәселе бақылауда», — деп түйіндеді СҚО әкімі.

Shares