Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғауез Нұрмұхамбетов православ сеніміндегі христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады

Ғауез Нұрмұхамбетов православ сеніміндегі христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады

May 5, 2024 10:17

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың барлық православ сеніміндегі христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Өңір басшысы атап өткендей, мереке ең басты рухани құндылықтарды – жанашырлықты, мейірімділікті және жақынына деген сүйіспеншілікті білдіреді.

“Бұл мереке сіздердің үйлеріңізге қуаныш, бақыт және жақсы өзгерістер әкелсін! Тек жақсылыққа сену арқылы ғана біз өмірдің барлық қиындықтарын жеңе аламыз. Жерлестеріме осы қиын-қыстау кезеңдегі бірлік, табандылық, өзара көмек пен мейірімділік үшін алғыс айтамын”, – деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Shares