Имантау–Шалқарда эко-отельдер мен глэмпингтер салуға 3,3 млрд теңге инвестиция бағытталмақ

СКО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдегі туристік саланы дамыту бойынша жүйелі жұмыс туралы айтып, назарды Имантау–Шалқар курорттық аймағына аударды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Қазір курорттық аймақта шамамен 4 мың төсек-орынға арналған 46 орналастыру нысаны жұмыс істейді, олардың тоғызы жыл бойы қызмет көрсетеді. Алдағы жылдары бұл әлеуетті ұлғайту жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта жалпы құны 3,3 млрд теңгені құрайтын, заманауи әрі жыл он екі ай жұмыс істейтін эко-отельдер мен глэмпингтер салуға бағытталған 15 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оларды 2026–2027 жылдары аяқтау көзделген. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымы да дамып келеді: соңғы екі жылда жергілікті бюджет есебінен 1,7 млрд теңгеге 20,1 шақырым автожол жөнделді.
Көлік және цифрлық инфрақұрылым да дамып келеді. Соңғы екі жылда жергілікті бюджет есебінен 20,1 шақырым автожол жөнделді, ал орналастыру нысандарына жоғары сапалы байланыс қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық интернет желісі тартылуда.
Туристердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген: курорттық аймақта туристік полиция құрылған, Шалқар және Имантау көлдерінде екі модульді су-құтқару бекеті орнатылған, сондай-ақ жағалау аумақтарын абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Қонақтардың жайлы және қауіпсіз демалысы үшін жағдайлар тұрақты түрде бақылауда.
