Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзған ер адам қайта қамауға алынды

Мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзған ер адам қайта қамауға алынды

May 20, 2026 09:00

Алкогольге тәуелділік 42 жастағы петропавлдыққа бір жыл бір ай бойы бостандықта жүруге мүмкіндік бермеді. Бұған дейін ер адам ұрлық жасағаны үшін сотталып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған болатын. Алайда бостандықта жүргенде бірнеше рет белгіленген талаптарды бұзған. Ол тұрғылықты мекенжайында болмаған, сондай-ақ үнемі спирттік ішімдік ішкен, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Кезекті рет учаскелік инспектор қала тұрғынын 18 мамыр күні мас күйінде ұстады. Бұл «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күні болған. Тәртіпті өрескел бұзғаны үшін полицейлер шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы материалдарды сотқа жолдады. Енді ер адам өтелмеген мерзімін түзеу мекемесінде жалғастырады.

«ЖПІШ-ның алғашқы тәулігінде тәртіп сақшылары тұрғылықты жері бойынша 684 адамды тексерді. Олардың қатарында бұрын сотталғандар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған солтүстікқазақстандықтар және есепте тұрған өзге де азаматтар бар. Жалпы 31 құқықбұзушылық анықталды. Көбіне алкоголь ішу деректері тіркелді. Бұл қайталама қылмыс жасау қаупін тікелей арттырады», — деп атап өтті СҚО ПД өкілдері.

Жедел-профилактикалық іс-шараның басты мақсаты — есепте тұрған тұлғалар тарапынан болуы мүмкін құқыққа қарсы әрекеттерден азаматтарды қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірдегі құқықтық тәртіпті нығайту.

Shares