Перинаталдық орталықтың қырықтан астам пациенті референдумда дауыс берді
March 15, 2026 11:37

Перинаталдық орталықта стационарлық ем алып жатқан әйелдер үшін дауыс беруге арнайы жағдай жасалды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
«Бүгін біздің орталықта ем қабылдап жатқан босанған аналар мен жүкті әйелдер медициналық мекемеден шықпай-ақ дауыс беруге мүмкіндік алды. Ол үшін көшпелі сайлау комиссиясының жұмысы ұйымдастырылып, барлық қолайлы жағдай жасалды», — деп хабарлады медициналық мекеме өкілдері.
Жалпы референдумда Перинаталдық орталықта ем алып жатқан 42 әйел — босанған аналар мен жүкті әйелдер дауыс берді. Сонымен қатар өз азаматтық ұстанымдарын КСОА Перинаталдық орталығының 332 қызметкері және олардың 121 отбасы мүшесі білдіріп, дауыс беру процесіне қатысты.
