Петропавл әкімі: «Бөгеттерді нығайту жұмыстары толық аяқталды»

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев тұрғындармен есептік кездесу барысында су тасқынының алдын алу үшін қабылданған шаралар туралы айтты. Қала басшысының сөзінше, наурыз айының соңынан бастап өңірде су тасқыны кезеңі басталып, биыл ол үш кезеңмен өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.
Петропавл су қоймасындағы су деңгейі 1175 сантиметрге жетті. Қабылданған шаралардың, атап айтқанда соңғы екі жыл ішінде бөгеттерді салу және нығайту жұмыстарының нәтижесінде 2025 жылы тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын су басудың алдын алу мүмкін болды.
«Ойқала шағынауданында ішкі еңістерді абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 0–8 шақырым аралығындағы жер үйіндісі қосымша нығайтылды, геотор орнатылды, Кожевенный шағынауданында бетон плиталар арасындағы жіктер талапқа сәйкестендірілуде. Бөгеттерді нығайту жұмыстары толық аяқталды. Биыл айналма арнаға қайта жаңғырту жүргізілді.
Сумен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірінші көтерілімдегі сорғы станциясы қайта жаңғыртылды. Аталған нысандар 2026 жылдың көктеміне толық дайын», – деді Серік Мұхамедиев.
