Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл полициясы мен әкімдігі тұрғынның Instagram-дағы шағымына жедел жауап берді

Петропавл полициясы мен әкімдігі тұрғынның Instagram-дағы шағымына жедел жауап берді

September 5, 2026 10:07

Петропавлда «Пирамида» сауда үйі мен қалалық мектеп маңындағы көрінбейтін жаяу жүргіншілер өткеліне қатысты мәселе жедел шешілді. Бұған тұрғынның әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болған. Онда Қошуков және Батыр Баян көшелерінің қиылысында жол таңбаларының анық көрінбейтіні және жол белгілерінің нашар байқалатыны айтылған. Бұл туралы QZ NEWS тілшісі хабарлайды.

Қала тұрғынының өтінішіне Петропавл қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі қызметкерлері және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары жауап берді.

Учаскені комиссиялық тексеруден өткізгеннен кейін полицейлер қала әкімдігіне тиісті нұсқама жолдады. Көп ұзамай «Дорсигнал» ЖШС мамандары 5.19.1 «Жаяу жүргіншілер өткелі» жаңа жол белгілерін орнатып, «зебра» жол таңбасын толық жаңартты.

Петропавл қаласы полиция басқармасының мәліметінше, тұрғындармен кері байланыс жолдардағы ықтимал қауіпті учаскелерді жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Жаңа оқу жылына дайындық және оны өткізу аясында Петропавлдағы мектептер мен балабақшалардың маңына 18 жасанды жол кедергісі мен 15 жол белгісі орнатылып, 46 жаяу жүргіншілер өткелінің таңбасы жаңартылды. Жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Shares