Петропавл қаласы әкімдігінде көшелерді тазалау жұмыстарына мониторинг жүргізуге арналған ЖИ жүйесі таныстырылды

Петропавл қаласы әкімдігінде қар шығару және көшелерді тазалау кезінде статистика жүргізуге арналған жасанды интеллект жүйесінің бағдарламасы таныстырылды, деп хабарлайды QZ News.
Жаңа жүйе автоматты режимде атқарылған жұмыстардың көлемін тіркеуге, арнайы техниканың қозғалыс бағыттарын талдауға және қар тазалау жұмыстары бойынша көрнекі статистика қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл үдерістердің ашықтығын арттырып, бақылауды жеңілдетуге және қыс мезгіліндегі жұмыстарды тиімдірек жоспарлауға мүмкіндік береді.
Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, таныстырылым барысында қала әкімінің орынбасары Сергей Мелехов бағдарламаның негізгі мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ кездесу аясында жүйені қаланың коммуналдық шаруашылық саласында одан әрі енгізу және пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.
