Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз!» инклюзивті шеберлік сабағы өтті

Петропавл қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз!» инклюзивті шеберлік сабағы өтті

December 9, 2025 10:28

Петропавл қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз!» атты шеберлік сабағы өтті. Іс-шара барысында балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, өнерге деген қызығушылықтарын көрсете алды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Кездесуді Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері ұйымдастырды. Шеберлік сабағы Ғ. Мүсірепов атындағы кітапхананың қабырғасында өтті, бұл қатысушылардың шығармашылыққа деген ынтасын арттыра түсті.

Балалар үшін арнайы креативті тапсырмалар дайындалды. Әр қатысушы өз қолымен бұйым жасап, ұсақ моториканы дамытуға және шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік алды.

«Шеберлік сабағының мақсаты — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін шығармашылық орта қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында бірлік, өзара қолдау мен азаматтық бірегейлік құндылықтарын нығайту», – деп хабарлады Петропавл қалалық Жастар ресурстық орталығында.

Іс-шараның «Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз» деген атауы кездесу барысында толық көрініс тапты. Шеберлік сабағының соңында балалар алақандарының таңбасын қалдырып, бұл Қазақстан халқының бірлігі мен достығының символына айналды.

Shares