Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласында өрт сөндірушілер 13 минутта автокөліктегі өртті сөндірді

Петропавл қаласында өрт сөндірушілер 13 минутта автокөліктегі өртті сөндірді

January 29, 2026 09:44

Петропавл қаласының Ж. Қизатов көшесінде жеңіл автокөліктің қозғалтқыш бөлігінде өрт шықты. СҚО ТЖД мәліметінше, хабарлама түскен сәттен бастап өртті толық сөндіруге дейінгі барлық жұмыстар небәрі 13 минутты құрады, деп хабарлайды QZ News.

Осы уақыт ішінде өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, барлау жұмыстарын жүргізіп, күш-құралдарын орналастырды. Үйлесімді әрі жедел әрекеттердің арқасында өрт қысқа мерзімде ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті автокөлік иелеріне салонда жарамды өрт сөндіргіштің болуы қажет екенін еске салып, түтіннің алғашқы белгілері байқалған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуға шақырады.

Shares