Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласының әкімдігі кәсіпкерлік нысандарын ең үздік безендіру байқауын жариялады

Петропавл қаласының әкімдігі кәсіпкерлік нысандарын ең үздік безендіру байқауын жариялады

December 5, 2025 19:28

Петропавл қаласында жыл сайынғы кәсіпкерлік нысандарын жаңа жылға арналған ең үздік безендіру байқауы бастау алды. Байқауға дүкендер, дәмхана, мейрамханалар, қонақүйлер, кеңселер және басқа да ұйымдар қатыса алады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады QZ NEWS.

«Қатысу үшін қасбет, сөрелер, интерьерді немесе маңайдағы аумақты безендіріп, фотосуреттерді қалалық кәсіпкерлік бөліміне жіберу қажет. Жеңімпаздар бес номинация бойынша анықталады: Кәсіпкерлік нысандар арасындағы ең үздік қасбет безендіру, Үздік интерьер безендіру, Үздік сөре, Үздік жарықпен безендіру, Ұлттық стильдегі үздік безендіру», – делінген хабарламада.

Қатысуға өтінімдер қалалық кәсіпкерлік бөлімі арқылы қабылданады.

Мерзімдер мен байланыс: Байқауға қатысу үшін фотосуреттерді 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 18:30-ға дейін жіберу қажет (фотосуреттер HD сапасында болуы тиіс), пошта: 31123@mail.kz немесе WhatsApp арқылы 8-705-760-96-31 нөміріне жіберуге болады.

Shares