Петропавлда 10 тамыздан бастап екі аптаға ыстық су өшіріледі

2026 жылғы 10 тамыздан бастап «Петропавл жылу желілері» ЖШС жылу желілеріне жыл сайынғы гидравликалық сынақ жұмыстарын бастайды. Алдағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты Петропавл қаласында екі аптаға ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды QZ NEWS.
Кәсіпорынның мәліметінше, сынақтар құбырлар мен жабдықтардағы ақауларды дер кезінде анықтау мақсатында жүргізіледі. Сынақ кезеңінде магистральдық жылу желілері жұмыс қысымынан 25%-ға жоғары қысыммен тексеріледі. Бұл ретте жүйедегі судың температурасы +40 °C-тан аспайды.
«Сынақ жұмыстары аяқталғаннан кейін тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жүргізіледі. Ақау анықталған учаскелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты олар уақытша ажыратылады. Соның салдарынан тиісті тұрғын үйлерде ыстық су беру уақытша шектелуі мүмкін. Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі мен ыстық су берудің қайта жандануы туралы қосымша әлеуметтік желілер мен МИБ төрағалары арқылы хабарланады», – делінген хабарламада.
