Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда 27 жастағы есірткі таратушыға сот үкім шығарды

Петропавлда 27 жастағы есірткі таратушыға сот үкім шығарды

January 29, 2026 14:06

Солтүстік Қазақстан облысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алудың тиімді тетігі ретінде ашық сот отырыстарын өткізу тәжірибесі жалғасуда. Бұл жолы өңірдегі жиырмадан астам колледждің студенттері сот процесін онлайн форматта көрді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Айыпталушылар орындығында 27 жастағы ер адам отырды. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі және 299-1-бабы бойынша екі ауыр қылмыс жасағаны үшін айып тағылды.
Сот іс материалдарын зерделей келе, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы үкім шығарды.

Прокуратура мен полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай формат студенттерге есірткі бизнесіндегі «мансаптың» соңы қандай болатынын айқын әрі боямасыз көрсетуге мүмкіндік береді.

Сот залындағы нақты ахуал, конвой және қатаң үкім жастардың санасына кез келген дәрістен де әсерлі ықпал етеді. Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, мұндай қылмыстар үшін жазадан құтылу мүмкін емес, ал бас бостандығынан айыру мерзімдері өте ұзақ.
Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.

Shares