Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Ақмола облысының тұрғынынан ірі көлемдегі мефедрон тәркіленді

Петропавлда Ақмола облысының тұрғынынан ірі көлемдегі мефедрон тәркіленді

April 20, 2026 17:39

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен бір азаматты ұстады. Ол – жұмыссыз, 23 жастағы Ақмола облысының тұрғыны. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жас жігіт психотроптық заттарды «жасырын орындарға қалдыру» тәсілі арқылы бір айға жуық уақыт бойы таратумен айналысқан, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Ұстау Петропавл қаласындағы Набережная көшесінде жүргізілді. Жеке тінту барысында күдіктіден көзілдірік қорабына жасырылған 14 орам және киім қалтасынан тағы 60 орам тәркіленді. Сараптама нәтижесі бойынша, алынған заттың жалпы салмағы 64,1 грамм болатын α-PvP синтетикалық есірткісі екені анықталды. Осылайша полицейлер шамамен 250 бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуінің алдын алды.

Медициналық куәландыру нәтижесі күдіктінің өзі де психотроптық заттардың әсерінде болғанын көрсетті. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ерекше ірі көлемде есірткі өткізу фактісі бойынша жас жігітке 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Shares