Петропавлда Астана көшесіндегі үйлердің бірінде балконнан шыққан өртке байланысты 13 адам эвакуацияланды
April 3, 2026 15:20

Петропавл қаласында Астана көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінде балкон өртенді. Өрттің жалпы аумағы 10 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды QZ NEWS.
СҚО ТЖД мәліметінше, құтқарушылар баспалдақ арқылы 13 адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады. Өрт жедел түрде ауыздықталып, толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
