Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда белсенді жастар Анастасия Прокопичева ескерткішін ретке келтірді

Петропавлда белсенді жастар Анастасия Прокопичева ескерткішін ретке келтірді

April 29, 2026 15:48

Петропавл қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Таза ескерткіш – таза жады» атты акция өтті. Бұл бастама қаланың белсенді жастарын тарихи мұраны сақтау және қалалық ортаны абаттандыру бағытында біріктірді, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Іс-шара Театральная және Е. Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан Анастасия Прокопичева ескерткішінің маңында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар – СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты Қоғамдық даму және ақпарат орталығының жастар бастамалары бөлімі мен Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы.

Акцияға қатысушылар ескерткіш аумағын тазалап, айналасын ретке келтірді, мемориал нысанын жуып, маңайын абаттандырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және тарихи ескерткіштерді қадірлеуге бағытталған. Осындай игі істер арқылы жастар тазалық пен тәртіптің, мәдени мұраны сақтаудың маңызын терең түсінеді. Сонымен қатар, тәрбиелік мәнге де ерекше көңіл бөлінген. Мұндай шаралар азаматтық жауапкершілікті арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, өткенге құрметті нақты іс арқылы қалыптастыруға ықпал етеді.

Shares