Петропавлда диірмен кешенінің аумағындағы өрт сөндірілді
January 21, 2026 11:00

Петропавл қаласының өнеркәсіптік аймағында, Әуезов көшесінде орналасқан диірмен кешенінің өндірістік цехында өрт шықты. Нысанның ерекшелігін ескере отырып, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел түрде жетті,деп хабарлайды QZ News.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде ғимараттың шатырындағы ашық жалын қысқа уақыт ішінде оқшауланды. Қайта тұтанудың алдын алу үшін мамандар құрылымдарды мұқият бөлшектеу жұмыстарын жүргізді.
Ресми деректерге сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың алдын ала себебі ретінде сарапшылар адам факторын — отпен жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуын атап отыр.
