Петропавлда көпқабатты үйдегі өрт салдарынан жүзден астам адам эвакуацияланды
March 8, 2026 10:14

Петропавл қаласындағы 2-ші Первомайская көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйде ірі өрт шықты. Өрт ошағы төртінші қабаттағы пәтерде болған, бұл түтіннің кіреберіс бойына тез таралу қаупін тудырды, деп хабарлайды QZ NEWS.
«Құтқару жұмыстары барысында түтін басқан кіреберістен баспалдақ арқылы арнайы құтқару қалпақтарын қолдана отырып 27 адам құтқарылды, оның ішінде 15 бала бар. Сонымен қатар үйден 76 адам эвакуацияланды, олардың 23-і – балалар», – делінген СҚО ТЖД хабарламасында.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
