Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының бірінші кезеңі басталды

Петропавлда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының бірінші кезеңі басталды

May 13, 2026 13:40

Петропавл қаласының әкімдігі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының бірінші кезеңі басталғанын хабарлады. Байқауға еңбек, спорт, зияткерлік немесе ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар қатыса алады. Қазылар алқасы еріктілік, қайырымдылық, меценаттық және тәлімгерлікпен айналысатын үміткерлерге ерекше назар аударады, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Байқауға қатысу үшін құжаттардың толық пакетін дайындау қажет. Оның ішінде:

1.⁠ ⁠ата-аналардың (қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2.⁠ ⁠кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы жергілікті уәкілетті орган шешімінен үзінді көшірме – патронаттық (қамқоршылық) отбасылар үшін;

3.⁠ ⁠неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4.⁠ ⁠ата-ананың біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5.⁠ ⁠балаларды тәрбиелеудегі жетістіктері үшін берілген марапаттарды растайтын құжаттардың көшірмелері;

6.⁠ ⁠заңды және (немесе) жеке тұлғалардан кемінде екі ұсыныс хат;

7.⁠ ⁠отбасы мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік және ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;

8.⁠ ⁠қоғамдық пайдалы қызметке қатысуды растайтын құжаттар (еріктілік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса).

Байқауға қатысуға өтінімдер арнайы нысан бойынша қажетті құжаттармен бірге 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында Петропавл қалалық комиссиясына мына мекенжай бойынша тапсырылады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23, 408-кабинет, Петропавл қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімі КММ. Анықтама телефоны: 46-95-17, +7 705 169 6062.

Shares