Петропавлда құтқарушылар арқанның көмегімен зардап шеккен зейнеткердің пәтеріне кірді
February 4, 2026 09:00

Петропавл қаласындағы Сәтбаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болған оқыс жағдай құтқарушылардан жеделділікпен қатар ерекше тәсілді талап етті. Қарт әйел өз пәтерінде құлап, есікті ашу үшін өздігінен тұра алмай қалған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, пәтерге кіру үшін құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланған. Олар 5-қабаттан төмен түсіп, 4-қабаттағы терезе арқылы пәтерге кірген.
Қарт адамға орнынан тұруға көмек көрсетілді, медициналық жәрдем қажет болмады. Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттері жағдайды қауіпсіз түрде шешуге мүмкіндік берді.
