Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда түнгі уақытта аялдамаданы бүлдіргендер жазаға тартылды

Петропавлда түнгі уақытта аялдамаданы бүлдіргендер жазаға тартылды

June 8, 2026 14:02

Интернет кеңістігіне жүргізілген мониторингтің арқасында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті бұзғандарды жедел түрде жауапкершілікке тартты. Уәлиханов көшесіндегі аялдама павильонын түнгі уақытта бүлдірген куәгер түсіріп алған бейне тексеру жүргізуге негіз болды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ұсақ бұзақылық жасап, кәмелетке толмағандарға қатысты түнгі уақытта үйден тыс жерде болу талабын бұзғаны үшін оқиғаға қатысқан барлық жасөспірім жауапкершілікке тартылды. Олардың ішіндегі ең ересегі 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Қалған жасөспірімдер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Олардың заңды өкілдері ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны және кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне жол бергені үшін жауапқа тартылды. Полицейлердің назарына алғаш рет ілікпеген жасөспірімдердің біріне қатысты материалдар жиналып, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жолданатын болады», – деп хабарлады СҚО ПД.

Тәртіп сақшылары азаматтардың қолжетімді цифрлық сервистер (Kaspi, Halyk, eGov Mobile) арқылы жедел хабар беруі осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қалалық мүлікті сақтауға және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Shares