Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ЖЭО-2 бірегей монтаждау операциясы аяқталды

Петропавлда ЖЭО-2 бірегей монтаждау операциясы аяқталды

December 19, 2025 10:52

Петропавл ЖЭО– 2-де №2 қазандық агрегатын ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары шешуші кезеңге өтті. Энергетиктер негізгі тораптардың бірін орнату бойынша аса күрделі монтаждау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Атап айтқанда, ең жауапты монтаждау операцияларының бірі орындалып, жоба бойынша барабан өз орнына орнатылды.

«Барабанның салмағы 59,5 тонна, ол 31,2 метр биіктікке орнатылды», – деді Петропавл ЖЭО-2 директоры Дмитрий Захаров.

«Севказэнерго» АҚ-ның мәліметінше, барабанды орнату – бұл жай ғана ірі торапты монтаждау емес, өңірдің тұрақты дамуы үшін стратегиялық маңызы бар жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам.

Жаңғырту станцияның сенімді әрі апатсыз жұмысын қамтамасыз етіп, жабдықтардың тозуын азайтуға мүмкіндік береді. Жоба толықтай кәсіпорынның өз қаражаты есебінен қаржыландырылуда және өңірді ұзақ мерзімді әрі тұрақты энергиямен қамтуға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Shares