Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы аулалардың бірінде жасөспірімге құтқарушылар көмекке келді

Петропавлдағы аулалардың бірінде жасөспірімге құтқарушылар көмекке келді

April 8, 2026 12:00

Петропавл қаласында Назарбаев көшесінде аулада ағашқа өрмелеп шыққан 12 жастағы балаға құтқарушылар көмектесті. Жоғарыға көтерілу оңай болғанымен, өздігінен төмен түсу қиынға соққан, деп хабарлайды QZ NEWS.

СҚО ТЖД мәліметінше, шақырту баланы биікте байқаған өтіп бара жатқан адамдардан түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жағдайды бағалап, дереу іске кіріскен.

«Құтқарушылар альпинистік арқанды пайдаланып, баланы абайлап бекітіп, сақтандыру арқылы төмен түсірді», – делінген хабарламада.
Бала тек қорқып қалған, медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Shares