Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы қолданыстағы ҚТҚ полигонының жұмысы екі жылға ұзартылмақ

Петропавлдағы қолданыстағы ҚТҚ полигонының жұмысы екі жылға ұзартылмақ

December 1, 2025 17:05

Петропавлда рұқсатсыз пайда болған қоқыс үйінділері әлі де басты мәселелердің бірі болып отыр. Алайда облыс орталығының билігі оларды жою және алдын алу үшін инновациялық тәсілдерді енгізуде. СҚО ӨКҚ брифингінде Серік Мұхамедиевтің айтуынша, жыл басынан бері 39-дан астам қоқыс үйіндісі жойылып, 320 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Бұл жұмыстарға 36 млн теңге бағытталған, деп хабарлайды QZ NEWS.

« Ғарыш Сапары ҰК» АҚ көмегімен 9 қоқыс ошағы анықталып, жойылды. Ал учаскелік инспекторлар 89 рейд жүргізіп, абаттандыру ережелерін бұзған 6 390 тұлғаны жауапкершілікке тартқан. Бақылауды күшейту үшін ТҮКШ бөлімі кезекшілік кестесін әзірлеп, шамамен 100 бейнебақылау камерасын орнатты.

«Айта кетейін, тестілік режимде пилоттық жоба іске қосылды. Ол қоқыс контейнерлерінің толу деңгейін бақылауға, ірі габаритті қоқысты жинақтауға және оның шығарылу кестесін қадағалауға мүмкіндік беретін интерактивті картаны қамтиды. Қоқыс алаңдарына жасанды интеллект элементтері бар 43 камера орнатылды. Келесі жылы тағы 200 камера орнатуды жоспарлап отырмыз», – деді Петропавл әкімі брифингте.

«Ақылды қала» жобасы аясында тұрғындардың қауіпсіздігі, экологиялық мәдениетін және жайлылығын арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді енгізу жоспарлануда: сотталғандардың қоғамдық жұмыстарын автоматтандырылған бақылау, автожолдардың сапасын мониторингтеу жүйесі, бейнебақылау камераларына кешенді аудит, интеллектуалды көлік жүйесі. Барлық жүйе Smart City үшін iKomek базасындағы SuperApp-қа біріктірілмек.

Қала әкімі атап өткендей, қолданыстағы ҚТҚ полигонының қуаты толықтай дерлік таусылған. Жаңа полигон салу – басым бағыттардың бірі.

«Мамлют тас жолы бойында орналасатын нысанның жұмыс жобасы әзірленді. Жобаның сметалық құны – 8,6 млрд теңге. Қажетті келісу рәсімдерінен өтті. Құрылысқа дайындық жүріп жатқанда, қолданыстағы полигонның қуатын арттырып, оның жұмысын тағы екі жылға ұзартуды жоспарлап отырмыз», – деді Серік Мұхамедиев.

Shares