Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдық Айзара Жұмабекова 2026 жылы Дакарда өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасына брейкинг бойынша жолдама жеңіп алды

Петропавлдық Айзара Жұмабекова 2026 жылы Дакарда өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасына брейкинг бойынша жолдама жеңіп алды

April 3, 2026 12:00

Петропавл қаласының 15 жастағы спортшысы Айзара Жұмабекова 2026 жылғы 12–13 қараша күндері Дакарда өтетін Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына брейкинг бойынша қатысуға жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Айзара креативті орталық базасында жаттығады, ал оның жаттықтырушысы — орталықтың резиденті Есмұхамед Имамбаев.

Есмұхамед Имамбаевтың айтуынша, әлем бойынша барлығы 12 лицензия сарапқа салынып, спортшылар бір жарым жыл бойы рейтингтік ұпай жинау арқылы өзара бақ сынаған.
Қазақстан атынан 11 спорт түрі бойынша 18 спортшы жолдама иеленді. Бұл — отандық спорт үшін маңызды жетістік.

Бұған дейін, 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында жерлесіміз Амир Закиров өнер көрсеткен болатын. Енді халықаралық аренада өңіріміздің тағы бір спортшысы ел намысын қорғамақ. Бұл облыста аталған спорт түрінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын және облыс әкімдігі мен спорт басқармасының жүйелі қолдауын көрсетеді.

Жасөспірімдер Олимпиадасынан бөлек, Айзара 2–3 қазан күндері ересектер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсетсе, 29 қарашада Канадада өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Shares