Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қасым-Жомарт Тоқаев: «Капиталдың заңсыз шығарылуы – экономикалық қауіпсіздікке тікелей қатер»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Капиталдың заңсыз шығарылуы – экономикалық қауіпсіздікке тікелей қатер»

January 28, 2026 17:14

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде кеңес өткізді. Ол жаңа фискалдық саясат жағдайында нақты айналымдарды жасыру мақсатында қолма-қол төлемдер көлемінің артқаны туралы сигналдар түсіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Бөлшек саудада сатушылар тауарға екі түрлі бағаны ашық айтып жүр – қолма-қол ақшасыз төлем кезінде бір баға, ал салық сомасын шегеріп, қолма-қол ақшаға басқа баға. Мұндай жағдайға, әрине, төзуге болмайды, өйткені бұл салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жолындағы мемлекеттің күш-жігерін жоққа шығарады. Кірістерді жылыстату және астыртын криптооперациялар арқылы капиталды заңсыз шығару күрделі проблемаға айналды. Қазіргі таңда айналымы 62 миллиард теңгеден асатын 130-дан астам заңсыз криптоайырбастау пункті жойылды. Осы істер аясында 2,6 миллиард теңгеге мүлікке тыйым салынды. Соған қарамастан, әлеуметтік желілерде ақшаны криптовалютаға айырбастаудың белсенді жарнамасы жалғасып жатыр. Демек, мәселе толық шешілген жоқ. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, еліміз капиталдың сыртқа шығарылуы көлемі бойынша көшбасшы елдердің бірі. Алайда мұндай қылмыстар үшін сотталғандар іс жүзінде жоқ. Капиталдың заңсыз сыртқа кетуі – экономикалық қауіпсіздікке тікелей қатер. Агенттік аталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізуі тиіс», – деді Президент.

Shares