Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Қазақтелеком» тексеру бастады: Петропавлда интернет- желісін тарту кезінде 35 жастағы инженер қаза тауып, тағы бір қызметкер жарақат алды

«Қазақтелеком» тексеру бастады: Петропавлда интернет- желісін тарту кезінде 35 жастағы инженер қаза тауып, тағы бір қызметкер жарақат алды

December 5, 2025 16:19

5 желтоқсан күні таңертең Петропавл қаласының Береке шағын ауданында, Солтүстік көшесі, 1Б мекенжайында қайғылы жағдай орын алды. Екі қызметкер интернет- желісін тарту кезінде көтергіш платформаның үзілуінен шамамен жеті метр биіктен құлап түсті, деп хабарлайды QZ NEWS.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиеваның мәлімдеуінше, ер адамдардың бірі – 35 жастағы жеке компанияның инженері, жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қаза болған.

«Ол көп жарақаттар алған. Сол жарақаттар салдарынан қайтыс болды. Қандай жарақаттар екенін сараптама жүргізілгеннен кейін ғана айтуға болады», – деді Гүлнар Қалиева.

Екінші зардап шеккен – 31 жастағы «Қазақтелеком» компаниясының қызметкері, ол да көп жарақаттар алған.

«Оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кеудесінде білектерінде жеңіл жарақаттар бар. Оған амбулаториялық тексеруден өту ұсынылды», – деп қосты денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

«Қазақтелеком» АҚ дерек бойынша ішкі тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Іс материалдарының барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, нәтижелері бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады», – деп атап өтті СҚО ІІД.

Аталған іс-шаралар аяқталғаннан кейін «Қазақтелеком» АҚ ресми пікірін жариялайды.

Shares